Сұрақ-жауап
КҚИ АҚЖ МС
Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасына сәйкес КҚ иесі үшінші тұлғалардың алдында өз жауапкершілігін сақтандыруға міндетті болады. Көлік иесі көлік құралы иесінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамаған жағдайда, көлік құралын пайдалануына болмайды. Үшінші тұлғаларға зиян келтіру арқылы ЖКО болатын болса, ЖКО-ға кінәлі тұлғаның сақтандыру компаниясы жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтеп береді.
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасы резидентінің КҚИ АҚЖ МС ресімдеуі үшін Клиенттің, барлық сақтандырылған тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат пен жүргізуші куәлігі, көлік құралының техникалық төлқұжаты қажет. Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының бейрезиденті болатын болса, көрсетілген құжаттардан бөлек Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттармен өзге түрі қарастырылмаса, жеке тұлға – бейрезидентке Қазақстан Республикасы аумағына кіру, шығу және болу құқығының Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгендігін растайтын құжат керек.
Жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резиденттері үшін: Клиенттің, соның ішінде сақтандырылған тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат пен жүргізуші куәлігі, уәкілетті орган берген, ЖК ретінде мемлекеттік тіркеуден өту айғағын растайтын құжат, көлік құралын тіркеу туралы куәлік.
Заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері және олардың жекелеген бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктері) құжаттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» 15.02.2010ж. № 56 Бұйрығына сәйкес ұсынылады. Құжаттар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына, резиденттік белгісіне қарай ұсынылады.
Еуразия экономикалық одағының құрамына кіретін мемлекеттердің азаматтары Көші-қон карточкаларын өткізбейді.
Аталған полисте тек бір ғана КҚ көрсетілген болса, бір сақтандыру полисіне бірнеше сақтандырылған тұлғаны енгізуге болады (Стандартты шарт). Стандартты шарт Сақтандырушының Сақтанушыға (Сақтандырылуышыға) пайдаланылатын көлік құралының әрбір бірлігі үшін жеке сақтандыру полисін беруі арқылы жасалады. Сонымен қатар полиске бірнеше КҚ енгізуге болады, бірақ бұл жағдайда сақтандырылушы тек бір ғана адам болуы керек (Кешенді шарт). Кешенді шарт Сақтандырушының Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) пайдаланылатын барлық көлік құралдары үшін сақтандыру полисін беруі арқылы жасалады.
Сіздің шарт бұзылған және жаңа полис жасалған жағдайда, полисті қайта ресімдеуге рұқсат беріледі. Аталған процедура Негізгі сақтанушының қатысуымен ғана жүргізіледі. КҚИ АҚЖ МС шартын қайта ресімдеу/бұзу үшін сіз біздің компанияның онда сіз бұрынғы полисті ресімдеген офисіне немесе «Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы» АҚ-тың Сізге жақын жердегі офисіне келуіңіз қажет. Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек: жеке куәлік (төлқұжат), жүргізуші куәлігі, тех. төлқұжат, полис.
Сақтандыру жағдайы (ЖАО) басталған кездегі сіздiң әрекеттеріңіз:
1) Автомобилiңізді тоқтатыңыз, апаттық жарық дабылын қосыңыз және елді-мекенде көліктен 15 м. қашықтықта және елді-мекеннен тыс жерде ең кемі 30 м. қашықтықта апаттық тоқтау белгісін (жыпылықтағыш қызыл шам) қойыңыз;
2) Ықтимал залалдардың алдын алу немесе болдырмау үшін ақылға қонымды және қолжетімді шаралар, оның ішінде мүлікті сақтау және ЖАО-ға қатысы бар жәбірленген адамдарға көмек көрсету шараларын қолданыңыз;
3) ЖАО орнынан кетпеңіз;
4) Жәбірленген адамдарға (егер сондай адамдар болса) көмек көрсетіңіз және 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем, ал қажет жағдайда 112 нөмірі арқылы құтқару қызметін шақырыңыз;
5) Көлік құралынан от шыққан жағдайда – 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз;
6) Міндетті түрде 102 нөмірі арқылы жол полициясы қызметкерлерін шақырыңыз;
7) Жол полициясы қызметкерлері келгенге дейін ЖАО-дан көлік құралын қозғалтпаңыз;
8) Мұкият танысып, тексеріңіз: жол полициясы қызметкерлері сіз қол қойып жатқан құжаттарды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ЖАО схемасы, оқиға орын алған жерді қарап бақылау хаттамасы және т.б.) дұрыс толтырды ма. Есіңізде болсын, құжаттарға өз ескертулеріңізді қосуға құқығыңыз бар;
9) Жол полициясы қызметкерінен жазбаша жолдаманы алғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей сараптама жасауға құқығы бар кез келген медициналық мекемеге барып, мас болу жағдайын немесе психикалық белсенді заттарды қолданғанын тексерту мақсатында медициналық куәландырудан өтіңіз;
10) ЖАО-ға немесе сақтандыру төлемін төлеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша Компанияға хабарласуыңызға болады:
- Сall-Center: 5979(конырау шалу тегін), +7 701 035 91 07;
- Алматы қ.: + 7 (727) 311 07 77;
- e-mail: accident@laic.kz
- өнірлер: сіздер тұрған қалада орналасқан сатылымдар дирекциялардың телефондары арқылы;
- https://calc.insuranceshop.kz/requests сайты арқылы.
Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жасау туралы талапты Сақтанушы (Сақтандырылушы) немесе Пайда алушы болып табылатын басқа тұлға қоюы тиіс.
КҚИ АЖҚ МС бойынша төлем жасау үшін мынадай құжаттар қажет:
- Сақтандыру төлемін жасау туралы өтініш (Пайда алушының тұратын орны, байланыс телефондары, банктік деректемелерін (қажет болса), сақтандыру төлемін алу әдісін көрсете отырып – қолма—қол ақшамен немесе банктік шотқа аудару арқылы);
- Жәбірленушінің өмірі, денсаулығы және (немесе) мүлкіне зақым келуінің салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған тұлғаның сақтандыру полисі (оның дубликаты), ондай болмайтын болса – сақтандыру полисінің көшірмесі, немесе көрсетілген сақтандыру полисі бойынша қандай да бір мәлімет (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні) немесе сақтанушы туралы қандай да бір мәлімет (сақтанушының тегі, аты, болатын болса- әкесінің аты, көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірі) болатын жағдайда;
- Сақтандыру жағдайының туындау айғағын растайтын құжат және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшері;
Жәбірленушінің өмірі, денсаулығына зиян келітірілген жағдайда, денсаулық сақтау ұйымының жәбірленушінің уақытша жұмысқа жарамсыздығының мерзімі туралы анықтамасының немесе жәбірленушіге мүгедектік тағайындалған болса, мамандандырылған мекемелердің мүгедектік тағайындау туралы анықтамасының көшірмесі;
- Жәбірленушінің қайтыс болғандығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- Пайда алушының зиянның өтелуіне қатысты құқығын растайтын құжат (көшірме);
- ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 01.07.2003ж. № 446-ІІ Заңының (әрі қарай – «Заң») 22 бабының 3 тармағында қарастырылған жағдайда, бағалау жүргізу туралы өтініш;
- Пайда алушының (жеке тұлға үшін) жеке куәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхаттың түпнұсқасы;
- Сақтанушыда (сақтандырылушыда) сақтандыру жағдайы орын алған уақытта шығындардың алдын алу немесе азайту мақсатында туындаған шығындарды растайтын құжаттар – болатын болса.
Сақтандырушының Сақтанушыдан (Сақтандырылушыдан) немесе жәбірленушіден Заңда қарастырылмаған өзге де қосымша құжаттарды талап етуіне болмайды.
Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін Сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген нысан бойынша зиянның мөлшерін анықтау туралы өтініш негізінде 10 жұмыс күнінің ішінде бағалайды.
Толықтай құжаттар топтамасы өткізілгеннен кейін төлем жасауға қатысты іс 15 жұмыс күнінің ішінде қарастырылады.
Полистің құнын есептеу үшін мына мәліметтерді көрсету қажет: сіздің ЖСН (соның көмегімен біз сіздің бонкс-малус класыңызды анықтаймыз), көліктің тіркелген оны мен типі, сіздің жасыңыз және көлік жүргізу өтіліңіз, сондай-ақ жеңілдіктердің болуы (бар болса) және сақтандыру полисін есептеу мерзімі. Сіз есептеуіштің бетіне сілтеме бойынша өту арқылы өзіңіздің полисіңіздің құнын өзіңіз есептей аласыз.
Бонус-малус (латын тілінен аударғанда «жақсы-жаман») – сақтандыруда қолданылатын, оның сақтандыру жағдайларының тарихына қарай клиенттің сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйлықақысының көлемін өзгертетін жеңілдіктер жүйесі. Бонус-малус класы апатсыз жүру жағдайында артады және клиенттің кінәсінен ЖКО орын алған уақытта төмендейді. Осылайша, КҚИ АҚЖ МС құны бонус-малусқа қарай азаяды немесе артады.
КАСКО
КАСКО – бұл көлік құралын (КҚ) сақтандырудың ерікті түрі, бұл жағдайда көлік түрлі зақымдардан сақтандырылады.
КАСКО сақтандыруының бағасы сіз таңдаған бағдарлама, КҚ шыққан жылы, КҚ құны, КҚ тіркеу аумағы және өзге де факторларға байланысты белгіленеді. Оның құнын сілтеме бойынша өту арқылы есептеуге болады.
Сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру жағдайларының тізімі сіз таңдаған бағдарламаға байланысты.
Әдетте, КАСКО бойынша сақтандыру жағдайларына төмендегі тәуекелдер кіреді:
- ЖКО;
- көлік құралына бөгде объекті немесе заттың құлауы немесе түсуі;
- өрт, жарылыс;
- найзағай түсу, төтенше жағдай;
- үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері.
Болады. Төлем мерзімдері туралы сақтандыру жөніндегі менеджерден білуге болады. сақтандыру төлемін бөліп төлеу арқылы төлеу тәртібі Сақтандыру шартында көрсетіледі.
- Сақтандыру жағдайы орын алған уақытта оқиға орнына АК шақыру міндетті болып табылады. Біздің қызметкеріміз КҚ-ның барлық зақымдарын тіркеп қана қоймай, төлем жасауға қатысты іс бойынша алдағы уақыттағы іс-әрекеттер туралы кеңес береді. Төмендегі жағдайларда Сақтанушы/Сақтандырылушы оқиға орнынан апат комиссарын (өкілін) шақырмауға немесе оның келуін күтпеуге құқылы:
-оқиғаның елді мекендерден шалғай жерде және ұялы байланыспен қамтамасыз етілмеген орында болуы салдарынан апат комиссары/Сақтандырушы өкілін шақыру немесе оның келуі мүмкін болмаса немесе барынша қиын болса;
– оқиға орнына жол полициясы органдарының қызметкерлері келсе және оқиға айғағын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркесе.
КАСКО бойынша төлемді ресімдеу үшін Сақтандыру шартында қарастырылған құжаттар керек, мәлімет үшін олардың болжамды тізбесі берілген:
- Өтініш;
- Қосымшалары мен қосымша келісімдерімен бірге сақтандыру полисі/шарты (көшірме);
- Техникалық төлқұжат (көшірме);
- Көлік құралын басқарған тұлғаның жүргізуші куәлігі (көшірме);
- Көлік құралын басқарған тұлғаның жеке куәлігі (көшірме);
- Сенімхат немесе жол-сапар парағы (шартта қарастырылған жағдайларда, көшірме);
- Медициналық куәландыру туралы қорытынды (шартта қарастырылған жағдайларда);
- Ақаулар актісі және Сервис орталығының шоты (шарттың талаптарымен Сервис орталығының шоты негізінде сақтандыру төлемін жүргізу қарастырылған болса);
- Ақшаны аударуға арналған деректемелерді көрсету арқылы Пайда алушының сақтандыру төлемін жасау туралы өтініш;
- Пайда алушының жеке куәлігі (көшірме);
- Мүлікке келтірілген залалды бағалау есебі (шарт талаптарымен бағалау есебінің негізінде сақтандыру төлемін жүргізу қарастырылған болса немесе залал келтіруге кінәлі тұлға болатын жағдайда);
- Орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін);
- Құзыретті органның сақтандыру жағдайының болу айғағын және оның туындау себептерін растайтын құжаттары (шартта қарастырылған жағдайларда);
КАСКО бағдарламасы бойынша төлем жасау туралы істі қарастыру мерзімі шарттың ережелерімен анықталады. Әдетте, қарастыру мерзімі 2 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейінгі уақытты құрайды.
- ЖҚЕ талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтату (орнынан қозғалтпау), апатты жарық дабылын іске қосу және апатты тоқтау белгісін (өшіп-жанып тұратын қызыл шам) қосу, оқиғаға қатысы бар заттарды орнынан қозғамау;
- Дәрігер келгенге дейін зардап шеккен тұлғаларға медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдау, «жедел медициналық көмек» шақыру, ал төтенше жағдайларда зардап шеккендерді мүмкін болса, жол-жөнекей кетіп бара жатқан көлікке салып жіберу керек, ал егер ондай мүмкіндік болмаса, өзіңіздің көлігіңізбен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу қажет, өз тегіңізді, көлік құралының тіркеу белгісін (жеке басты куәландыратын құжат немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралының тіркеу құжатын ұсыну арқылы) хабарлап, қайтадан оқиға орнына баруыңыз керек;
- Болған оқиға туралы тез арада жақын жердегі ішкі істер органына хабарлау, куәгерлердің аты-жөні мен мекенжайларын жазып алу және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күту керек;
- ЖКО орнына сақтандыру компаниясының өкілі – Апат комиссарын шақыру керек.
Жылжымалы мүлікті сақтандыру
- Пәтердің/құрылымның конструктивтік элементтері (тоқтайтын кешендерді қоспағанда, жермен тығыз байланысты, жылжымайтын мүлікке жататын құрылыстар және өзге де қосалқы құрылыстар), соның ішінде терезе және есік конструкциялары (бөлмеаралықты қоспағанда), электр өткізбесі, жылу, сумен жабдықтау, кіріз, газбен жабдықтау жүйелерінің құбырлары.
- Әйнектеу, бөлмеаралық терезе конструкциялары, кірістірілген жиһазды қоса алғанда, құрылымның әрлеу жұмыстары, атап айтқанда сылау және бояу жұмыстарының барлық түрі.
- Техникалық жабдықтау: жылу жүйелері (соның ішінде еденді, қабырғаларды, төбені жылыту жүйелері), бақылау және күзеті жүйесі (соның ішінде камералар, домофондар), ауаны желдету, салқындату жүйесі, сумен жабдықату (соның ішінде ілмекті құрылғылар, раковиналар, ванналар, душ кабиналары және т.б.), кәріз жүйесі (соның ішінде әжетхана бөлмелерінің сантехникалық жабдығы), қалдықтарды жою жүйесі (қоқыс құбыры), газбен жабдықтау (соның ішінлде арматура, газ бағаналары, плиталар), электрмен жабдықтау жүйесі, соның ішінде тоқ күші төмен электрмен жабдықтау (антенна, телефон, дабыл, радио және т.б.), өзге де жабдық.
- Үй және жеке тұрмыстық заттар: жиһаз, интерьер заттары, шаруашылық инвентарь және т.б.
- Үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілік: сақтандырылған мүлікті пайдалану кезінде сумен зақымдау нәтижесінде үшінші тұлғалардың өмірі, денсаулығы мен мүлкіне залал келтіру.
Салынған жылы 1965 жылдан ескі болмайтын жылжымайтын мүлікті сақтандыруға болады.
Онда сақтандырудың осы объектілері орналасқан жылжымайтын мүлікті сақтандырмай тұрып жылжымалы мүлікті сақтандыруға тыйым салынады.
Мүлікті төмендегі тәуекелдерден сақтандыруға болады:
- Өрт пен түтін, газдың жарылуы;
- Су мен басқа да сұйықтықтармен зақымдалу;
- Төтенше жағдайлар (жер сілкінісінен басқа);
- Ұшу аппараттары, ағаштар, немесе басқа да бөгде объектілердің құлауы;
- Жер бетіндегі және өздігінен қозғалатын КҚ соқтығысуы, ұрылуы, соғысуы;
- Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері – қарақшылық, бұзықшылық, бүлік шығару;
- Ұрлық, тонау;
- Үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік.
Мүлікті сақтандырудың стандартты шарты 12 ай мерзіміне сақтандыруды қарастырады, бірақ мерзімі 1 (бір) күнтізбелік айды құрайтын сақтандыру шартын жасауға да болады.
Жалға алушы өзі жалға алатын мүлікті Меншік иесінің жазбаша келісімімен сақтандыра алады. Бұл ретте, пайда алушы (сақтандыру төлемін алушы) осы мүліктің меншік иесі болып табылады.
Мүлікті ЕС шартын жасау үшін төмендегі құжаттар қажет:
- ЖСН көрсетілген жеке куәлік (төлқұжат) немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
- сауалнама-өтініш (компанияның офисінде толтырылады);
- Сақтанушының жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шарты және мүлік жалға берілетін болса, Меншік иесінің жазбаша келісімі;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» 02.2010ж. № 56 Бұйрығымен белгіленген өзге де құжаттар.
СЖ туындаған уақытта төмендегі іс-әрекеттерді орындау керек:
- СЖ орнына дереу сақтандыру компаниясының өкілін (апат комиссарын) шақыру;
- 24 сағаттан кешіктірмей болған оқиға туралы жазбаша немесе басқа да заңды нысанда тиісті уәкілетті органдарға хабарлау;
- 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда болған оқиға туралы сақтандырушыға хабарлау.
- сақтандыру жағдайы орын алған уақытта дереу құзыретті органдарға хабарлау және сақтандырылған мүлікті қорғау және шығын мөлшерін азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдау;
- сақтандыру жағдайы орын алған уақытта оны Сақтандырушының өкілі көргенге дейін сақтандырылған мүлікті сақтандыру оқиғасынан кейінгі күйінде сақтап қалу үшін шаралар қабылдау;
Мүлікті ЕС бойынша төлемді ресімдеу үшін мынадай құжаттар керек:
- Орын алған оқиға туралы хабарлама;
- Қосымшалары мен қосымша келісімлерімен бірге сақтандыру полисі/шарты (түпнұсқа);
- Мүліктің құқық белгілеуші құжаттары.
- Уәкілетті органдар куәландырған, сақтандыру жағдайының туындау айғағы мен себептерін растайтын құжаттардың көшірмелері (Мысалы: өрт жағдайында: өрт туралы акт (мөрмен куәландырылған), өрт-техникалық сараптама; су кету жағдайында: ПИК актісі және т.б.).
- Келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттар (бағалау есебі, зиянның мөлшерін, тауардың болуын, құнын анықтауға көмектесетін басқа да құжаттар (инвойс, шот-фактура);
- Пайда алушының жеке куәлігі/тіркеу туралы куәлігі (көшірме);
- Ақша аударуға арналған деректемелерді көрсетумен бірге пайда алушының сақтандыру төлемін жасау туралы өтініші.
Мүлікті сақтандыру бағдарламасы бойынша төлем жасау туралы істі қарастыру мерзімі шарттың ережелерімен анықталады. Әдетте, қарастыру мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
Шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру
ШШТ полис ресімдеу кезінде шартты жасау уақытында 0 жастан 60 жасқа дейін шектеу белгіленген.
- Созылмалы аурулар, онкология;
- Жүктілікпен (асқынуды қоса алғнада) және жүктілікті тоқтатумен байланысты (12 аптадан аспайтын мерзімде Сақтандырылған әйелдің өміріне тікелей қауіп төндіретін қайғылы жағдайларды қоспағанда) шығындар;
- Бала босану және босандырумен байланысты шығындар;
- Күн көзінен күйік шалу;
- Күн көзінен күйік шалумен байланысты аллергия мен дерматиттер;
- Қант диабеті (I және II типті);
- қанды өкпеден тыс тазартуды талап ететін созылмалы өкпе ауруы және т.б.;.
Және Шартта қарастырылған, сақтандырылушының өміріне қауіп төндірмейтін басқа да аурулар.
Багажды, сондай-ақ шетелге апарылатын үй жануарын сақтандыруға болмайды
«Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы» АҚ өз клиенттеріне дүние жүзінің барлық елінде медициналық көмек көрсетеді.
ШШТ тұлғалардың сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру жағдайы туындаған уақытта не істек керек?
Сақтандыру жағдайы орын алған уақытта Сақтанушыға/Сақтандырылушы (оның өкілі) медициналық және/немесе медициналық-тасымалдау бойынша көмекті және онымен байланысты шығындарды келісу үшін 24 сағаттың ішінде құзыретті органдарға, сервис компаниясына немесе Сақтандырушыға Шартта көрсетілген телефондар арқылы хабарлауы қажет. Бұл ретте мынадай ақпаратты хабарлау керек:
- Сақтандырылушының аты-жөні;
- Шарттың нөмірі;
- болған жағдайды сипаттау және қажет көмектің сипаты;
- Сақтандырылушының орналасқан орны және кері байланыс үшін байланыс телефонының нөмірі;
- сервистік компанияға Шарттың және онда Сақтандырылушының сақтандыру аумағында болатын мерзімі көрсетілген бетімен бірге төлқұжаттың көшірмесін жіберу.
Сақтандырылушы сервистік компания немесе Сақтандырушымен келісу арқылы сақтандыру жағдайының орын алғандығын растау ретінде медициналық қызметтер үшін қолма-қол ақшамен төлем жасап қойған жағдайда, Сақтанушы/Сақтандырылушы Сақтандырушыға төмендегі құжаттарды ұсынады:
- Сақтандыру жағдайының туындау оқиғаларын толыққанды сипаттау арқылы сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
- Шарттың түпнұсқасы;
- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ тұлғаның төлқұжаты, жеке куәлігі);
- Фискалды чектердің түпнұсқалары;
- Әрбір медициналық препараттың, процедураның атауын, дәрігер қабылдауын, олардың саны мен құнын көрсетумен бірге тауар чектері, шот-фактура, төлемнің жасалғандығы туралы түбіртектің түпнұсқалары;
- Емдеуші дәрігердің медициналық препараттар қабылдау, процедуралардан өту туралы тағайындаулары, олар үшін шот ұсынылған дәрігерлердің қабылдауы;
- Медициналық қорытындылардың түпнұсқалары;
- Мамандандырылған медицина көлігіне кеткен шығындарды растайтын құжаттардың түпнұсқалары;
- Сервистік компанияға қоңырау шалу айғағын растайтын құжаттар (телефон қоңырауларын басып шығару);
- Сақтандырушыға жұмсалған шығындардың көлемін дәлелдеу үшін қажет болатын басқа да құжаттар;
- Құжаттардың орыс немесе мемлекеттік тілдерге нотариалды куәландырылған аудармасы;
- Құзыретті органдардың сақтандыру жағдайының туындау айғағын растайтын құжаттары.
Сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін жасау туралы өтінішті Сақтандырылушы Қазақстан Республикасының аумағына келген уақыттан бастап 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Сақтандырушыға жазбаша нысанда ұсынуы керек.
Қайғылы жағдайлардан сақтандыру
ҚЖ-дан сақтандыру шарты 1 (бір) күннен 12 айға дейінгі мерзімге жасалады.
ҚЖ-дан сақтандыру шарты сақтандыру сыйлықақысы төленген күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының немесе сақтандыру жарнасының төленген күні болып ақша Сақтандырушының банктік шотына түскен күн саналады.
Шарт жасалғанға дейін Сақтанушы сауалнама-өтінішті толтыруы, сонымен бірге мына құжаттарды ұсынуы керек: Сақтанушының жеке куәлігі/төлқұжаты (жеке тұлғалар үшін), құқық белгілеуші құжаттар (заңды тұлғалар үшін).
16 жастан 65 жасақа дейінгі тұлғалар үшін Сақтандырылушының жеке куәлігі/төлқұжатының түпнұсқасы (көшірмесі). 1 жастан 16 жасқа дейінгі тұлғалар үшін Сақтандырылушының туу туралы куәлігінің түпнұсқасы (көшірмесі).
Көлік құралын пайдаланумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру үшін көлік құралын тіркеу туралы куәлік, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» 15.02.2010ж. № 56 Бұйрығына сәйкес өзге де құжаттар қажет.
ҚЖ-дан сақтандыру үшін Шартты жасау уақытында 65 жасқа толып қойған тұлғалар; бір жасқа толмаған балалар; мүгедектер немесе созылмалы аурулармен ауыратын адамдар; АИТЖ-ға шалдыққан, маскүнемдікпен ауыратын тұлғалар қабылданбайды.
Сақтандыруға түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғалар, сондай-ақ жедел әскери қызметтен өтуге, әскери жиынға және т.б. шықырылған тұлғалар қабылданбайды.
Шартты Сақтандырушыға бұзудың болжамды күнінен кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын міндетті түрде жазбаша нысанда хабарлау арқылы мерзіміне бұрын бұзуға болады.
Жедел медициналық көмек алу үшін медицина мекемесіне бару және содан кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде сақтандырушыға жазбаша түрде СЖ-ның орын алғандығы туралы хабарлау, төлем алу үшін құжаттар жинау керек.
ҚЖ-дан сақтандыру туралы СШ жасау үшін мынадай құжаттар керек:
- Өтініш;
- Сақтандыру шарты (Түпнұсқа);
- Жұмысқа жарамсыздық парағы;
- Сырқаттану тарихынан үзінді;
- Пайда алушының жеке куәлігі (көшірме);
- Пайда алушының ақша аударуға қажетті деректемелер көрсетілген сақтандыру төлемі жасау туралы өтініші;
- Сақтандыру жағдайының туындағандығын растайтын құжаттар;
- Нақты медициналық шығындарды растайтын құжаттар;
- Шот-фактура;
- Фискалды чектер;
- Дәрігердің тағайындауы, дәрі-дәрмектердің рецеептілері.
ҚЖ-дан сақтандыру туралы СШ бағдарламасы бойынша төдем жасау туралы істі қарастыру мерзімдері шарттың талаптарымен анықталады. Әдетте, қарастыру мерзімі Сақтанушыдан (Пайда алушыдан) құжаттардың толық топтамасын алған уақыттан бастап 10 жұмыс күнін құрайды.
Сақтандыру төлемі Сақтанушы Шартта қарастырылған құжаттардың соңғысын өткізген күннен бастап 15 (он бес) банктік күннен кешіктірмей төленеді.
Тағы да сұрақтарыңыз бар ма?
Бізге қоңырау шалыңыз
біз сіздің проблемаңызды тез арада шешіп береміз
тұтастай Қазақстан бойынша тегін:
5979
Бізге жазыңыз
біз сізге бір сағаттың ішінде жауап береміз
Жалпы мәселелер бойынша:
info@laic.kz
Сақтандыру өнімдері бойынша:
products@laic.kz
Хабарлаңыз
орын алған сақтандыру жағдайы туралы айтыңыз
телефон:
5979
Мына электронды мекенжайға:
accident@laic.kz