menu

Сапарларды сақтандыру

Жақында шетелге сапарға аттанасыз ба?

Сақтандыру полисімен бірге
Сіз өзіңізді кез келген күтпеген жағдайдан қорғай аласыз.

Сақтандыруды онлайн сатып алу – оңай!

1 Өз сақтандыру
сомаңызды есептеңіз
2 Полис үшін онлайн
төлем жасаңыз
3 Электронды полис номерін
SMS арқылы алыңыз

Шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру

«London Almaty» компаниясы шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру қызметтерін көрсетеді. Шетелде болған уақытта сақтандыру жағдайы туындайтын болса, біз медициналық және медициналық-көліктік көмек көрсетуге кепілдік береміз.

Негізгі ерекшеліктері

Өмір мен денсаулықты сақтандыру ел аумағынан тыс сапарлардың төмендегі түрлеріне қатысты қолданылады:

  • туристік, жұмыс іссапарлары, қонақ сапарлары;
  • оқу сапарлары (оқушылар мен студенттер үшін);
  • түрлі спорттық турнирлер, жарыстар, жиындар;
  • жұмыс сапарлары (ресми келісімшарт бойынша).

Сақтандыру құны төмендегі параметрлерге байланысты:

  • баратын ел;
  • сақтандырылған тұлғаның жасы;
  • шетелде болу уақыты;
  • жалпы сақтандыру сомасы;
  • жалпы сапарлардың саны.

Назар аударыңыз!

Шетелге бару жағдайындағы сақтандыру қызметтері 60 жастан аспаған тұлғаларға көрсетіледі. Сақтандырудың осы түрі қолданылатын елдердің қатарына сақтандырылған тұлғаның тұрғылықты жері болып саналмайтын Қазақстан Республикасы, шет елдер кірмейді.